Қазақстандағы ветеринарлық қауіпсіздік
Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы баспасөз орталығында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің өкілдері “тораптық дерматит” атты ауруына қарсы вакцина қолдану туралы айтып берді.
2016 жылы Атырау облысында экзотикалық ауру түрі «тораптық дерматит» тіркелді. Инфекция бастапқы кезеңінде тоқтатылып, әрі қарай тарап кетпеу жағдайлары жасалынды. Тораптық дерматитке қарсы профилактикалық вакцинация жүргізу үшін вакцина сатып алу жоспарлануда.
Сонымен қатар, сібір жарасының көмінділері бойынша жұмыстар жалғасуда. Республика бойынша, Кадастрға енгізілген сібір жарасының 2608 ошағы тіркелген, оның ішінде 2265-і белгіленген, 350 белгіленбеген көмінділер бойынша жұмыстар жалғасуда.
2017 жылы Республикалық ветеринарлық зертхана қаражаты есебінен ветеринарлық құрал-жабдықтар алуға 432,0 млн. теңге бөлінді.
Қазіргі таңда, елімізде эпизотиялық жағдай бірқалыпты және Комитеттің тұрақты бақылауында.
ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
13/03/2017
Ссылка: http://mgov.kz/ru/aza-standa-y-veterinarly-auipsizdik/